КАТАЛОГ МАРКЕТПЛЕЙСА TEACHERS LAB
Результат: 173 материала
Результат: 173 материала
Отобразить:
Жалқауларға арналған әлемді құтқару жөніндегі нұсқау 2 деңгей
Бұл комикс Тұрақты даму мақсаттарына түрлі-түсті жолмен жетудің қарапайым жолдарын ұсынады. Планетаны және қоршаған ортаны сақтауға ықпал ететін күнделікті қол жетімді әрекеттер туралы оңай айтылған. Барлық жастағы оқырмандарға ұсынылады.
Педагогтың зерттеушілік қызметін дамыту
Педагогтың зерттеушілік қызметін дамытуға араналған ғылыми әдістердің сипаттамасы. Педагогтардың кәсіби қызметінде қолдануға арналған. Action Research, Lesson Study әдістері және зерттеу инструментарийлері қарастырылған.
Уровень:
Мектептегі іс-әрекетті зерттеу
Әдістемелік құралда Кембридж Университеті ұсынған Деңгейлік бағдарламалар негізінде жүргізіліп жатқан іс-әрекетті зерттеу ұғымына, мектепте мұғалімдердің жүргізген іс-әрекеттерін зерттеулеріне жасалынатын талдаулар ұсынылады. Мұғалімдердің іс-әрекетті зерттеу арқылы білім саласындағы адамға, балаға, сапаға, нәтижеге деген көзқарастарын өзгертуге түрткі боларлық тәжірибеден алынған әдістер мен тәсілдер жинақталған.
Көшбасшылықтың заманауи талабы
Көшбасшылықтың заманауи талаптары, тән әрекеттер, стратегияның тілі сұрақтары қарастырылған, тапсырма берілген.
Предметы:
Уровень:
Дизайндағы жарнама және баспа графикасы
Болашақ дизайнер маманын дайындауда білімгерлерге «Дизайндағы жарнама және баспа графикасы» пәнін оқыту маңызды орын алады. Аталған пән білімгерлерді болашақ мамандығына даярлауда өте қажет және жоғары білікті дизайнерді даярлаудың жалпы жүйесінің маңызды компоненті болып табылады.
Оқу-әдістемелік құрал кіріспеден, 3 бөлімнен, әдебиеттер тізімінен, білімгерлердің білімін анықтауға арналған тест сұрақтарынан тұрады.
Уровень:
Заманауи дизайн
Заманауи дизайн оқу-әдістемелік құралында дизайнның тарихы және даму жолдары, дизайн түрлері және ағымдары, Виктория сәулеті, Қазақстандағы сәулет өнері, дизайндағы жобалау әдістері, компьютерлік графика, компьютерлік бағдарламаларды қолдана отырып білімгерлердің шығармашылық қабілеттерін арттыру мүмкіндіктері мәселелері қарастырылған. Дизайн нысанын жобалауға қатысты ұғымдары мен жобалау дағдыларын қалыптастыру жолдары көрсетілген.
Оқу-әдістемелік құрал теориялық және практикалық оқыту курстарын қарастырады. Теориялық курста заманауи дизайның негізгі теориялық және стильдік еркешеліктерін қалыптастыру көзделеді. Тәжірибелік бөлімде алынған білімді бекіту, стильдер мен жеке заманауи дизайн пәнінің жұмысы ұсынылып отыр.
Оқу-әдістемелік құрал кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады. Оның мазмұны мыналарды қамтиды: дизайннің тарихы және даму жолдары, дизайн түрлері, ағымдары, Виктория сәулеті, Қазақстандағы сәулет өнері, дизайндағы жобалау әдістері, компьютерлік графика, компьютерлік бағдарламаларды қолдана отырып білімгерлердің шығармашылық қабілеттерін арттыру мүмкіндіктері, экологиялық аспектілердің дизайндағы мағынасы.
Ұлттық музыкалық аспаптар дайындау технологиясы 1 бөлім
Бұл еңбек Қазақтың ұлттық саз аспаптарын жасау шеберлігіндегі мектептердегі жалпы орта білімге, мұғалімдерге, кәсіптік білім жүйесіне және жоғары оқу орындарына, сондай-ақ өнер сүйгіш қалың оқырман қауымға арналған оқу құралы ретінде ұсынылып отыр. Бұл оқу құралы анықтаманың қызметін де атқара алады. Оқу құралының құндылығы авторлардың он төрт жылдық ғылыми-теориялық және әдістемелік тәжірибесінің нәтижесінде жаңа технологиядағы жазбалардың, сызбалардың көмегімен «Қазақтың ұлттық саз аспаптары» түрлерін, тарихын, жасалу үлгісін барынша кеңінен, түбегейлі көрсетуге, түсіндіруге талпынғандығы
1 Бөлім
Ұлттық музыкалық аспаптар дайындау технологиясы 2 бөлім
Бұл еңбек Қазақтың ұлттық саз аспаптарын жасау шеберлігіндегі мектептердегі жалпы орта білімге, мұғалімдерге, кәсіптік білім жүйесіне және жоғары оқу орындарына, сондай-ақ өнер сүйгіш қалың оқырман қауымға арналған оқулық ретінде ұсынылып отыр. Бұл оқулық анықтаманың қызметін де атқара алады. Оқулықтың құндылығы авторлардың он төрт жылдық ғылыми-теориялық және әдістемелік тәжірибесінің нәтижесінде жаңа технологиядағы жазбалардың, сызбалардың көмегімен «Қазақтың ұлттық саз аспаптары» түрлерін, тарихын, жасалу үлгісін барынша кеңінен, түбегейлі көрсетуге, түсіндіруге талпынғандығы
Дизайндағы жарнама
Дизайн өнері заман талабына орай үнемі өзгеріп, дамып отырады, себебі қазіргі өскелең тұрмыстық жағдайлар мен талап-сұраныстарға байланысты жаңа сипаттарға ие болуда. Жарнама, плакаттар, кітап безендіру, өндіріс бұйымдарын жасау, жиһаз бұйымдарының жаңа үлгілерін өмірге әкелу, т.б. қазіргі заманғы кәсіптердің дамып-жетілуі дизайн өнерімен тығыз байланысты.
Оқу-әдістемелік құрал кіріспеден, 3 бөлімнен, әдебиеттер тізімінен,білімгерлердің білімін анықтауға арналған тест сұрақтарынан тұрады
Мектептегі термебау өнері
«Термебау», қазақ халқының қолөнері саласындағы сөніп бара жатқан өнерінің бірі. Өйткені еліміздің кейбір іріктеліп алынған салалары болмаса көбіне қолданылмай, еленбей, жоғалып бара жатқан өнері деп айтуға болады. Қазіргі кезде Қызылорда өңірінде бірең–сараң қолданыста болғанымен көбіне Қытай, Монғолия қазақтары өндірісте басым қолданып келеді. Қазіргі кезде термебау өнерінің түрін қайта жаңғырту үшін ұсынылып отыр. Оқулық жалпы білім беретін мектептердегі «Технология» мамандығына арналады.
Уровень:
Тері кітап
Саз аспаптардың көптеген түрлерінің жасалу технологиясына тері шикізатымен тікелей байланысты. Мысалы, қобыздардың, дауылпаздардың, шертер, кепшік, дабыл, тайтұяқ, тоқылдақ, желбуа және т.б. аспаптардың түрлері тері арқылы үн шығарады. Олар шанақтарына, жиек шеттеріне өрім арқылы иыққа асынатын бау ретінде және т.б. міндетті түрде қолданады. Үй жануарлары мен әртүрлі аң терілері өңдеу адам өмірінде ежелден-ақ үлкен орын алып келеді. Өйткені ерте заманнан-ақ адам баласы мал, аң терілерінен киім тігіп киген. Сонымен бірге шеберлер былғары түрлерінен көптеген үй бұйымдарын жасаған.
Бейнелеу өнері және сызба
Бейнелеу өнерінің әдістемелік нұсқауында «Нақтылы бейне арқылы сурет салу», «Сурет салудың үйлесімділігі», «Жарық көлеңке», «Жарықтың тербелісі», «Интерьер, Пейзаж» және т.б. құнды бөлімдер мен «Қорытынды», «Қосымшаларды» қарастырып, осы бөлімдерінің қалай орындалатынына толық жеке-жеке тоқталып, мазмұндарын ашып көрсетуге талпынып отырмыз. Барлық білім беру процессінің қорытыңдысы мазмұныңда және оқушы-жастардың композиция пәні бойынша орындайтын жұмыстарының шеберлігінде айқындалуы керек. Тек қана осындай шығармашылық жұмыс бойынша болашақ суретшілердің шығармашьшық идеялары мен ойларын өнер шығармаларында қаншалықты көрсете алатындықтары жайлы жорамалдауға болады. Оқушылардың көркем бейнелеу сауатын игеруі олардың шығармашылық кабілеттерін дамытумен қатар жүруі керек. Бүкіл оқу процесін студент бірінші курстан соңғы курсқа дейін бейнеленуші нысандарға ойланып және сезіне қарау қабілетін тәрбиелеу бағытында жүргізгені дұрыс. Сондықтан оқулықтың үшінші тарауы суреттемеге деген шығармашылық қатынастың сұрақтарына, натюрморттың, пейзаждың, портреттің және сюжеттік суреттің композициялық құрылыуына арналған. Көркем бейнелеу сауатының теоретикалық курсын енгізуге байланысты оқулықта суреттеу тәртібінің теоретикалық негізіне үлкен көңіл бөлінеді. Көркем бейнелеу сауаты теориясында, оған жүйелі баяндауға әрекеттер жасалынған, мұнда жас суретшіге суреттеу шеберлігін игеруге көмектеседі.
План урока по английскому языку с интегрированными элементами ОУР + видео
Пән: ағылшын тілі
Сабақтың тақырыбы: Artworks from trash / Қоқыстан өнер жасау
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасынасілтеме):
- пластикалық бөтелке, қағаз / газет немесе электронды қалдықтар сияқты материалдардан қайта қолдану мақсатында үлгі жасап шығару - сыни тұрғысынан ойлау материалдарын қолдана отырып қызығушылығын арттыру - ұсынылған үлгі арқылы өздерінің тұтыну әрекеттері туралы ой қалыптастыру - қайта өңделетін қалдықтарды құнды ресурс деп тану.
Рационал теңсіздік
Рационал теңсіздік тақырыбына арналған сабақ жоспары және презентация, тапсырмалары енгізілген
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ТДМ элементтерін қамтыған сабақ жоспары + видео
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ТД мақсаттарымен кіріктірілген сабақ жоспары, сабақ барысы, өзіндік рефлексия
Сабаққа жасалған рфлексия (2 минуттық видеоматериал)
Сабақтың тақырыбы: М.Шаханов “Компьютербасты жарты адамдар” өлеңіндегі авторлық ұстаным (“Өркениеттің адасуы” романынан)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
1. өмір бойы білім алуға ынталану және алынған білімді халық игілігіне қолдану
2. мәнмәтінді талдау негізінде Жаһандық әріптестік тетіктерін анықтау арқылы даму құралдарын ұсыну
Биология пәнінен ТДМББ сабақ жоспары
Сабақ жоспары, сабақтың өзіндік рефлексия бейнебаяныСабақтың тақырыбы: Даражарнақты және қосжарнақты өсімдіктер Зертханалық жұмыс 4«Даражарнақты және қосжарнақтылар өсімдіктер кластарының белгілерін зерттеу»Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 8.1.1.3 даражарнақты және қосжарнақты өсімдіктерді негізгі белгілеріне қарай ажырату ((ТДМББ) сәйкес - Сапалы білім тұрақты даму аясында даражарнақтылармен және қосжарнақтыларды негізгі белгілеріне қарай ажыратады- Сапалы білім тұрақты даму аясында даражарнақтылармен және қосжарнақтыларды негізгі белгілеріне қарай салыстырады.- Сапалы білім тұрақты даму аясында даражарнақты және қосжарнақты өсімдіктердің морфологиялық ерекшеліктеріне қарай жіктелуін практикада жақсы денсаулықты нығайту үшін қолданады